Павлодарда саябақта ұлын ұрып жіберген ер адам сотта жауап береді
Оқиға Гагарин саябағында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Іnstagram парақшасында ер адамның баласын балағаттап, ұрғанын жазған.
– Ол оның мұрнын жарды. Дереу полиция шақырдым, екі минутта жетті. Тәртіп сақшылары жағдайды анықтап жатқанда әйел баламен қашып кетті. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес сияқты, – дейді видеоның авторы.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде 22 қазанда сағат 17.30-да Гагарин саябағында мас күйінде кәмелетке толмаған ұлын ұрған ер адам медициналық айықтырғышқа жеткізілгенін хабарлады.
– 52 жастағы ер адамға қатысты ұрып-соғу немесе физикалық ауыртпалық тудырған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберіледі. Сотқа дейін ер адам уақытша ұстау камерасына орналастырылған, – дейді департаментте.
Сондай-ақ ер адам қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған ұлына сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram