Павлодарда сегіз көшеде 12 сағат су болмайды

Павлодарда сегіз көшеде 12 сағат су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарға қажетті су қорын алдын ала жинап қою ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 2 қазанда Арғынбаев және Баян батыр көшелерінің қиылысында жапқыш арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін Сорокин, Царев, Шанин, Байжанов, Баймұратов, Малахов, Потапов және Лунная көшелерінде сумен қамту уақытша тоқтатылады.