Павлодарда сервистік орталықтар уақытша жабылады
Тұрғындар жарық үшін онлайн төлей алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қараша күні сервистік орталықтар мен төлемдерді қабылдау пункттерінде техникалық жұмыстар жүргізіледі.
– Осыған орай, төлемдерді жүргізу үшін бірнеше баламалы тәсілдерді ұсынамыз. Сіздер төлемді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшалары арқылы оңай жүргізе аласыздар. Сондай-ақ, «Astana Plat» ЖШС (kassa.24) төлем терминалдарының қызметін пайдалануға болады. Бұл әдістер аталған күні өз қызметтеріміз үшін ақы төлеудің ең ыңғайлы және қолжетімді жолдары болып табылады, – делінген хабарламада.
Жеке кәсіпкерлер үшін де арнайы мүмкіндік қарастырылған. Компанияның қызметтеріне төлемді олар «Kaspi Bank» (Kaspi.kz) АҚ мобильді қосымшасы және Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы деректемелер бойынша жүргізе алады. Бұл кәсіпкерлердің төлемдерді кедергісіз және жылдам жасауына мүмкіндік береді.