Павлодарда сынып жетекшілер ата-аналармен қарым-қатынас дағдыларын жетілдірді
![Павлодарда сынып жетекшілер ата-аналармен қарым-қатынас дағдыларын жетілдірді](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202502/image_750x_67a9daab62ad7.jpg)
Сынып жетекшісінің жұмысындағы әдістемелік ұсынымдар талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында №2 мектеп базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 45 бастауыш сынып жетекшісінің қатысуымен «Эмоционалдық кедергілер мен мінез-құлық проблемалары: сынып жетекшісінің стратегиясы» атты қалалық семинар-практикум өткізілді.
– Іс-шараның мақсаты – адамгершілік, этикалық тәрбиені, қарым-қатынас мәдениеті мен бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, – деді қалалық білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында. – Семинарда орталық әдіскері Сымбат Мұсатаева сынып жетекшілерінің жұмысында пайдалану үшін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсініктемелер берді.
Сонымен қатар, М. Жүсіп атындағы мектептің психологы, С. Торайғыров атындағы №2 мектептің педагогтары «Эмоционалдық кедергілер мен мінез-құлық проблемаларын шешудегі сынып жетекшісінің рөлі» , «Сынып жетекшісінің сезімталдықты қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға балалар арасындағы ахуалдық мәселелерді шешу бойынша бейнеролик көрсетілді.
– Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің психологы жеке кеңес беру, ата-аналармен кездесу мәселелері бойынша тренинг өткізді. Топтық жұмыста қатысушылар оқушылардың мектеп ортасындағы өзара іс-қимылын жақсарту, балалар арасында бұзақылықтың алдын алу бойынша мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы туралы мәселелерді пысықтады, – деді ұйымдастырушылар.
Сұхбат алаңында қатысушылар мұндай іс-шаралар білім алушылармен, ата-аналармен оқу-тәрбие процесінде пайдалану үшін жұмыс түрлері мен әдістерін алмасуға ықпал ететінін атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар беріліп, спикерлер «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарына ие болды.