Павлодар облысында Ұлыстың ұлы күні қандай спорттық шаралар өтеді?

Павлодар облысында Ұлыстың ұлы күні қандай спорттық шаралар өтеді?
Фото pixabay.com\guvo59

Бұқаралық және ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Асайын Байхановтың қатысуымен өткен аппараттық жиналыста облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев 14-25 наурыз аралығында өңірімізде 70-тен аса бұқаралық және ұлттық спорттық іс-шара жоспарланғанын мәлім етті.

–   Шарбақты, Май, Аққулы, Баянауылда көкпардан көрсетілімді ойындар, Аққулы ауданында аудандық жарыс өтеді. Тереңкөлде асық атудан, Успен ауданында қазақ күресі, Ақсу қаласында қошқар көтеру, қол күрес, гір тасын көтеруден жарыстар өтеді, – деді Азамат Имашев.

22 наурыз күні бұқаралық және ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылады.

25 наурыздан бастап самбодан жастар арасындағы ресми ел чемпионатын қабылдайды.

Еске сала кетейік, қалалар мен аудан орталықтарында 170-тен астам киіз үй тігіледі. Павлодар қаласында 21 жерде 31 киіз үй орнатылады. Ақын Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай «Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса» тақырыбында жас ақындар арасында айтыс өтеді. Жас ұрпаққа қолөнерді үйрету және қызығушылықты арттыру, қолдау және шығармашылығын дамыту мақсатында «Ертіс» музейінде «Сырмақ time»облыстық сырмақ сырубайқауы ұйымдастырылады.