Павлодарда студенттерге құқықтық тақырыптағы байқау қорытындыланды
Іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттауға бағытталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде өңір прокуроры Алмат Байшолақов студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер дайындаған құқықтық тақырыптағы бейнероликтер таныстырылды.
Байқау қорытындысы бойынша бірнеше номинацияда студенттердің үздік жұмыстары анықталып, олардың авторлары грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Кездесу барысында құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, белсенді азаматтық ұстаным және заң талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара жастардың құқықтық білімін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.