Павлодарда су уақытша тоқтатылады

Тұрғындардан алдын ала су қорын жинау сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Малайсары батыр көшесі, 55 мекенжайында жапқыш арматураны ауыстыру және су құбырына техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Осығай байланысты 11 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Малайсары батыр көшесі, 53, 55, 55/1-тұрғын үйлерінде ауыз су уақытша тоқтатылады.
Ведомство уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.