Павлодарда тұрғын үйдегі өрттен пәтер иесі зардап шекті

Павлодарда тұрғын үйдегі өрттен пәтер иесі зардап шекті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

— 28 шілде күні сағат 20:55-те 101 пультіне Павлодар қаласындағы Павлов көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері пәтер ішіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаздың жанғанын анықтады, - делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында баспалдақ арқылы бір адам эвакуацияланды.

Жалын толықтай сағат 21:16-да сөндірілді. Тілсіз жау салдарынан 1985 жылы туған пәтер иесі зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 немесе 101 нөмірлеріне дереу хабарласыңыз.