Павлодарда тұрғын үйлерді шыбын-шіркейге қарсы өңдеу басталды
Арнайы жұмысшалар үйлердің жертөлелерінде өңдеу жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалада тұрғын үйлердің жертөлелерінде шыбын-шіркей дернәсілдерінің таралуынынң алдын алу мақсатында дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Дезинсекциялық шараларды мамандардың жетекшілігімен мердігер «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС жүргізуде.
– Қазіргі уақытқа дейін 40-қа жуық тұрғын үйдің жертөлесіне өңдеу жұмыстары жүргізілді. Кезекте 30 үйдің жертөлесі бар, – дейді Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы Оразбек Саяхат.
Жертөлелерді өңдеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8(707)5956447 телефон нөміріне немесе akimat.pavlodar instagram парақшасына хабарласа аласыздар.