Павлодарда тұрмыстық қалдықтар полигонын жаңа компания басқаратын болады

Павлодарда тұрмыстық қалдықтар полигонын жаңа компания басқаратын болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінде олар қайта ұйымдастыру және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу үстінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековтың айтуынша, «ЭкоАлем-ПВ» ЖШС-нің компаниясы осы уақытқа дейін полигонның жұмысына жауапты болған. Алайда биыл қазан айында Павлодар қаласының әкімшілігімен жасалған келісімшарт тоқтатылып, полигонды басқару құқығы «ЭкоСервис-ПВ» ЖШС компаниясына берілді.

– Жаңа оператор бүгінде полигонды қайта ұйымдастыру және құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар алдағы жарты жыл ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Құжаттар дайын болғаннан кейін полигонның пайдалану мерзімі тағы он жылға ұзартылмақ деген жоспар бар, – деді Қанат Мұсапарбеков. 

Айта кетейік, «ЭкоӘлем-ПВ» ЖШС-не тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемін асырып жібергені үшін айыппұл салынған еді. Айыппұлдың жалпы сомасы 28,4 миллиард теңгені құрады.

Облыс бойынша осындай заңды түрде жұмыс істейтін қалдық полигондарының саны да қайта қарастырылуда.