Павлодарда тамызға дейін барлық балалар ойын алаңы жабдықталады

Павлодарда тамызға дейін барлық балалар ойын алаңы жабдықталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл жоспар бойынша 80 аулада көріктендіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков қаланы жұмыс бабымен аралау барысында Лермонтов көшесі, 111 үйдің ауласында жаңадан орнатылған балалар алаңын көріп қайтты. 

– Қалада балалардың ойын алаңдарын орнату бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Асайын Байханов биыл 80 балалар ойын алаңын жабдықтауды тапсырған болатын. Қазіргі кезде 65 алаңда жұмыстар аяқталды. Қалған 15 алаңды шілде айының соңына дейін орнатамыз, – деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында. 

Аулаларға 14 элементі бар балалар ойын алаңдары орнатылып, аулаішілік жолдарға асфальт төселеді, сыртқы жарықтандыру құрылғылары ауыстырылады.