Павлодарлықтарды сөйлеу өнерінің шеберлігіне үйретеді
Келушілерге шеберлік сағаты тегін беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, 19 ақпан күні сағат 16:00-де «Көшбасшылар үшін сөйлеу дағдыларын дамыту» атты тренинг өткізіледі.
– Сенімді және ықпалды дауыспен керемет көшбасшы болып, әріптестермен және бағыныштылармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін сөйлеу дағдыларыңызды жақсартқыңыз келсе, онда бұл тренинг сізге арналған, – дейді ұйымдастырушылар.
Тренингті сөйлеу жаттықтырушысы @anastassiya_aliyassova өткізеді.
Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.
Жазылу үшін +7(707)665-58-03 телефон нөміріне хабарласуға болады.