Павлодардың Орталық стадионын не күтеді?

Павлодардың Орталық стадионын не күтеді?

Павлодарлық спорт сүйер қауымға тосын әзірленіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Жандос Ұзақов Павлодар қаласының Орталық стадионын қайта жаңғыртудың концептуалды жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, 2023 жылдың қараша айында стадионда техникалық тексеру жүргізіліп, солтүстік мінбер апатты жағдайда, ал батыс және шығыс трибуналарға күрделі жөндеу қажет деп танылды.

– Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін жобалық-іздестіру жұмыстарын әзірлеп, бюджеттік өтінімдер бердік. Бұл мәселе қазір облыс басшылығы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының бақылауында. Павлодардағы стадион мәселесі шешілу үстінде, - деді Жандос Ұзақов.

Әйгілі Манчестер стадионы Олд Траффорд «Армандар театры» деген лақап атқа ие екендігі мәлім. Жаңартылған Орталық стадионның тұжырымдамасын әзірлеу кезінде әлемнің осы секілді басқа да ареналары зерттелді. Павлодардың ескі стадионы қайта жөнделсе, жанкүйерлер мүлде басқа аренада футболды тамашалай алады.

- Үш трибунаның үшеуінде де үстінде шатыр болады, ол қазір батыс трибунаның үстіндегідей емес жеңілірек құрылыс. Солтүстік мінбер бизнеске қолайлы ету жоспарлануда. Мысалы, футбол алаңына қаратылған әйнекпен жабылған кафе енгізгіміз келеді. Сонымен қатар, табло, жүгіру жолақтары, прожекторлық тұғырларды ауыстыру, спортшылар мен техникалық қызметкерлерге арналған кең бөлмелер жасау, қауіпсіздік шараларын күшейту жоспарлануда, - дейді спикер.

Ол сондай-ақ «Ертістің» Бірінші лигадағы «Екібастұзға» қарсы ойынынан кейінгі кейбір жанкүйерлердің наразылығына қатысты өз уәжін жеткізді. Кейбір көрермендер стадионнан шыға берістегі кезекке шағымданып, шығаберістегі турникеттерді алып тастау туралы өтініштер білдірді. Алайда олар Толстой көшесінің жолына шығатын жанкүйерлердің қауіпсіздігі үшін жасалған.

- Матч аяқталғаннан кейін Луначарский көшесіне қарайтын №1 және 2-ші шығыстар ашық болғанымен, көрермендердің көпшілігі стадионды №3 шығысқа беттеп, сол арқылы шығуды ойлады. Бұл халық көп жиналып, кезектің пайда болуына әкеп соқтырды. Стадион әкімшілігі дереу халық қысылып қалмас үшін Толстой көшесіне арнайы көліктердің өтуіне арналған №4 қосымша шығысты ашуды ұйғарды, - дейді Жандос Ұзақов.

Павлодар облысының бас спорт алаңын жаңарту тақырыбына қатысты спикер бұл мәселенің көптен бері көтеріліп келе жатқанын жоққа шығармады. Жандос Ұзақов Павлодар облысының патриоты ретінде өз жобасын жүзеге асыруға ұмтылуда. Күрделі жөндеу стадионымызды УЕФА стандарттарына сәйкестендіріп, оны көрермендер үшін ыңғайлы және инвесторлар үшін тартымды етеді.

Жандос Ұзақов атап өткендей, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында арнайы жұмыс тобы құрылып, жанкүйерлердің, спортшылардың, кәсіпкерлердің тілектері ескерілетін болады.

Стадион мәселесі «Ертіс» футбол клубы жанданғаннан кейін өзектілігін арттырды. Қайта жаңғырған команда қазақстандық футболдың элитасына қайта оралуға ұмтылуда және осыған байланысты инфрақұрылым мәселесін шешудің маңызы зор. Мұны облыс басшылығы жақсы түсініп, мәселенің түпкілікті шешімін іздестіруде.

Фото: Константин Шелков және автор