Павлодарда трамвайда қазақ және татар тілдеріндегі танымал әндер шырқалды

Астана күні мен Домбыра күні тойланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінің шығармашылық ұжымдары Астана күні мен Домбыра күні қарсаңында трамвай жолаушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Татар этномәдени бірлестігінің «Чишмя» вокалдық ансамблі мен «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің «Ару-Ана» тобы қазақ және татар тілдеріндегі танымал әндерді орындап, жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік көңілді еселей түскен тағы бір тосынсый дәстүрлі қазақ тағамы құрттан дәм таттыру болды.
Жолаушылар да өз кезегінде жылы эмоцияларын жасыра алмады – шын көңілмен қол соғып, сүйікті әндерге қосылып, қуанышты сәттерді телефондарына түсіріп жатты.
Осындай шынайы көңілге толы сапар баршаға ерекше әсер мен шын мәніндегі мереке атмосферасын сыйлады.