Железин ауданында №1 қазандықтың жылу желілері қайта жаңартылуда
Жөнделген желіге тағы да жаңа құбырлар қосылып, тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Жұмыс сапарымның барысында Железин ауданының жұртшылығымен кездестім. Тұрғындар ең алдымен көшені жарықтандыру, жолдарды жөндеу және сумен жабдықтау мәселелеріне алаңдаушылық білдірді. Жиналғандарға ауылдарын абаттандыру жұмыстары жалғасатынын айттым, - деді облыс әкімі.
Асайын Байханов аудан орталығындағы №1 қазандықтың жылу желілері қайта жаңартылып жатқанын айтты. Онда жөнделген екі шақырым құбырға қосымша жаңа 1,8 км құбыр қосылған. Бұл тағы 40-тан астам абонентті жылу желілеріне қосуға мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар, қыркүйек айының соңына дейін Моисеевка ауылындағы апатты мектептің орнына салынып жатқан жаңа білім ордасының құрылысы аяқталатынын тілге тиек етті.
- Келесі жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Прииртышск ауылындағы мәдениет үйі мен кентішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргіземіз. Менің тапсырмам бойынша Зеленая роща мен Железинка арасындағы 32 шақырымдық автожолды асфальттау бойынша жоба дайындалады. Бұл жоба қазір аудан орталығына Тереңкөл арқылы айналып қатынап жүрген тұрғындарға жолды екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Аймақ басшысы аудандағы өмірді жақсарту жөніндегі жоспарларды ұлғайтып, әдістемелік түрде іске асыратынын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram