Павлодарда «цифрландырылған» анықтамаларды заңсыз талап ету мәселесі талқыланды
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың қалалары мен аудандары әкімі аппараттарының, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметтерінің, мемлекеттік корпорацияның, облыстық басқармалардың, коммуналдық қызметтердің, көші-қон қызметі және мемлекеттік кірістер органдарының басшыларының қатысуымен өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, «цифрландырылған» анықтамаларды заңсыз талап ету және ҚР азаматтары мен резидент емес тұлғалары үшін ақылы мемлекеттік қызметтер тарифтері туралы мәселелер қаралды.
– Баянауыл, Павлодар аудандары мен Ақсу қаласының ішкі бақылау қызметтерімен жоспарланған объектілерде бақылау іс-шаралары жүргізілмеген. Барлық қызметтер бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталмаған формалды сипаттағы ұсынымдар енгізеді, – департаментте.
Жұмыс тобының отырысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың азаматтардан «Цифрландырылған» анықтамаларды заңсыз талап ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
– Білім беру мекемелері, коммуналдық қызметтер, мемлекеттік кірістер органдары және екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік қызметтер тізілімінен шығарылған және азаматтардың дербес деректері болып табылатын мәліметтер мен анықтамалар алу үшін азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталықтарына жібереді, – деді Павлодар облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы« КЕАҚ директорының орынбасары Салтанат Ауппаева.
Департамент басшысы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға «E-gov» порталының «Үшінші тұлғалардың сервисі» қосымшасын қызметтерді алу барысында азаматтар үшін кедергілер тудырмай пайдалануды ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар енгізді.