Павлодарда түнде далада ұйықтаған үш адамды полиция оятты

Павлодарда түнде далада ұйықтаған үш адамды полиция оятты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ер адамдар уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары үйсіздер мен мас адамдардың үсіп қалуына жол бермеу үшін олардың болуы мүмкін жерлерді  тексереді.

Полицейлер Мәшһүр Жүсіп көшесінде патрульдеу кезінде орындықта ұйықтап жатқан екі адамды байқап, оларды оятты. Екеуі де мас күйінде болды. Сәл кейінірек, сағат 02.15-те 102 нөміріне қоңырау түсті, Лермонтов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары үйдің ауласында мас адам жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары ер адамды тұрғызды, – дейді департаментте.

Полицейлердің жұмысының нәтижесінде күн сайын 30-ға жуық адам мас күйінде қалалық УБДО-ға жеткізіледі, 15 адам өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін қайта әлеуметтендіру орталығына жіберіледі.