Павлодарда күшіктерді ұрған қыздың ата-анасына ескерту жасалды

Павлодарда күшіктерді ұрған қыздың ата-анасына ескерту жасалды
artfile.ru

«Сердца Павлодара» ҚҚ-на қала тұрғындарының бірі  қыз баланың таяқпен екі күшікті ұрып  жатқаны түсірілген видео жіберіп, бұл жағдайда қалай әрекет ету керек екені жайлы сұраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Біз оныншы қабатта тұрамыз. Терезелер жеке үйге қарай қарап тұр. Қыз баланың өз аумағында күшікті таяқпен ұрғанына куә болдық,  Қыңсылаған дауыс естілді. Мұқият қарасақ, екі күшік бар екен. Ол оларды таяқпен қуып, ұрады. Не істеу керек?» - деп сұраған хаттың авторы.  

Қоғамдық қорда болған жайтқа куә болған тұрғынға учаскелік инспекторға хабарласуға кеңес берген.  Хабарламаның авторы бірден қоңырау шалып, учаскелік полиция қызметкері дереу аталған мекенжайға барған. Ол ата-анасымен түсіндірме әңгіме жүргізіп,  ескерту жасаған.  Ал куәгерге  мұндай жағдай қайталанса, қоңырау шалуға кеңес берген. 

«Ауланған иттерді орналастыратын уақытша ұстайтын орын жоқ. Бұл сұрақ ТҮКШ бөлімінің құзырында. Мұндай орын пайда болғанға дейін бұл мәселе шешімін таппайды. Бізде ауланған иттердің орналастыратын орын жоқ. Сондықтан бұл процессті жылдамдатуды сұраймыз. Ол үшін жер телімі бар ма? Жобалық-сметалық құжаттама бар ма? Ақша бөлінген бе?»,   - деп сұрады «Серда Павлодара» қоғамдық қорында. 

Сонымен қатар қорда қала тұрғындарынан бұл жобаны жүзеге асыруға белсенділік танытуға және жануарларға қатыгездік жасамауға шақырды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОФ "Сердца Павлодара" (@serdca_pavlodara_shelter)