Павлодарда 10 үлкен жаңа автобустың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі

Павлодарда 10 үлкен жаңа автобустың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі

Облыс орталығына жеткізілген 12 метрлік жаңа автобустар №111 маршрут бойынша 5 ақпанда шығу керек еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қаңтар айынан бастап қала тұрғындарынан аялдамада кейбір автобустарды көп күтуіне байланысты наразылық көбейді. Әсіресе № 111 шағын класты автобусқа шағымдар артты. Қала әкімдігінде мұндай мәселе аталған маршрут бойынша қызмет көрсететін тасымалдаушы жұмыстан бас тартқандықтан болды деп түсіндірді. Осыған байланысты 10 жаңа автобус жеткізу туралы шешім қабылданды.

28 қаңтарда №1 автобус паркі 10 жаңа автобуспен толықты, оларды 5 ақпанға қарай №111 маршруты бойынша желіге шығаруын жоспарлады. Алайда қалада бұл маршрут бойынша жүретін автобус әлі де көрінбейді.

– Жаңа автобустардың сыйымдылығы үлкен (12 метрлік, бұрылу радиусы үлкен) болғандықтан  олардың қазіргі қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізу қажет, - деді қала әкімдігінде.

Қазіргі таңда келген 10 жаңа автобусқа GPS бақылау жүйесі және жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі орнатылған. 

– Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында маршруттың сызбасы Астана көшесінен Сәтбаев көшесіне өзгертілетін болады. Сәтбаев (Естай көшесінен Шөкин көшесіне дейінгі учаскеде), - депа атап өтті қала әкімдігінде.

Автобустарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді алғаннан кейін жаңа автобустар № 111 маршруты бойынша  жүреді. Олар ақпанның соңына дейін желіге шығады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың соңына дейін №152,111,003,3,115,126 маршруттар жоғары санаттағы автобустарға алмастырылады. Сонымен қатар  үлкен көлемді автобустарға ауыстыру бойынша маусым айының соңына дейін 140 жаңа автобус әкелінеді деп күтілуде.

Фото: Константин Шелков