Павлодарда төрт ауданның тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынбақ

Сенбіде кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 9 тамызда Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сату бағасы:
Сиыр еті - 2300 теңге/кг, жылқы еті - 2300-2500 теңге/кг, қой еті - 1900-2100 теңге/кг, шошқа еті -1800-2000 теңге/кг, шикі сүт - 250 теңге/литр, бал - 2000-2500 теңге/кг, картоп - 120 теңге/кг, сәбіз – 120 теңге/кг.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.