Павлодарда уақытша су болмайды
Жұмыстардың аяқталу мерзімі белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-су арнасы» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар қазіргі уақытта Ломов көшесі, 160 мекенжайындағы су құдығының апатты бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
– Тұрғындардың пәтерлеріне су жеткізу ақауларды дер кезінде жоюға байланысты. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – дейді баспасөз орталығында.
Жұмыс аяқталғаннан кейін су беру дереу қалпына келтіріледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram