Павлодарда Успен көпірінің артында жаңа аялдама қашан пайда болады
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде аялдаманың жоқтығына шағымдануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен көпірінің артында орналасқан ұйымдардың жұмыскерлері біраз уақыттан бері «Демал» кафесінің жанында №10 және 66 автобустар келмей жатқанын айтып келеді. «Аялдама» белгісін адамдар көп жиналатын жерден алыс қойған. Оған жету қиын әрі алыс. Тротуардың жоқтығынан тұрғындар жол бойымен жүруге мәжбүр болып тұр. Айта кетейік, аялдаманың өзі жабдықталмаған.
Павлодар қаласының ТҮКШ бөлімі, полицейлер мен №1 автопарк өкілдерімен бірлесіп бұл жағдайды зерттеді.
Қала әкімдігіндегілер кәсіпкерлер сұрайтын жерде автобус аялдамасы әзірге орнатылмайтынын мәлімдеді.
Бұл учаскеде кіру қалтасы және аялдама павильоны үшін алаң жоқ. Дегенмен «автобус аялдамасы» деген белгіні уақытша орнатуға шешім қабылданды.
– Бүгінгі таңда бұл учаскеде жолаушылар үшін қауіпті ауыр жүк көліктері тұрақтанады, - деп айтты қалалық ТҮКШ бөлімінде.
Кіру қалтаны аялдама павильонына арналған алаңды ауа-райы рұқсат етілгеннен кейін орнату жоспарлануда.
Фото: Константин Шелков