Павлодарда волонтерлік питч-сессия өтеді
Іс-шара Ломов көшесі, 38 мекенжайында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
7 қараша күні 15:00-де «Волонтерство: Өзгерістер энергиясы» атты питч-сессия жоспарланған. Бұл сессияға қоғамға үлес қосуға, дамытуға және көмек көрсетуге дайын барлық белсенді азаматтар шақырылады. Питч-сессия волонтерлер мен осы маңызды қозғалысқа қосылуға ниет білдірген адамдарды біріктіруді мақсат етеді.
– Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың назарын волонтерлік қызметтің әртүрлі салаларына аудару. Қатысушылар әлеуметтік көмек, гуманитарлық жұмыстар, іздестіру операциялары және көмекке мұқтаж жандарды қолдау бағыттарында мағлұмат алып, шабыттанатын болады, – дейді ұйымдастырушылар.
Сессия барысында арнайы шақырылған спикерлер өздерінің волонтерлік тәжірибесі мен жобалары туралы айтып, пайдалы кеңестермен бөліседі.