Павлодарда заңсыз қоқыс үйінділері анықталды

Павлодарда заңсыз қоқыс үйінділері анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша рейдтік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, рейд барысында қала аумағында жеті заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды.

Мамандардың дерегінше, коммуналдық қалдықтарды басқару және бақылау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Сонымен қатар, мұндай заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін орналастырғандарға 100-ден 1000 АЕК-ке (405 800 теңгеден 4 058 000 теңгеге) дейін айыппұл салынады.

Мамандар тұрғындарды экологиялық талаптарды сақтауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады.