Павлодарда зейнеткер әйел жоғалды

Оның жоғалғанына төрт күн болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«VITA» іздестіру жасағының мәліметінше, 1 маусымда Анна Шалдаева Катаев көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып, үйіне қайтып оралмаған.
70 жастағы зейнеткердің бойы – 160 сантиметр. Оның көздері қоңыр, шашы қошқыл қоңыр. Еріктілердің айтуынша, ол бағдарынан жаңылған.
Еріктелер Анна Шалдаеваны көрген немесе оның орналасқан жерін білетін адамдарды келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерин)а және +7 (777) 334 82 01 (Светлана).