Павлодарда жүргізуші қызыл жарыққа өтіп, жол ережелерін үш рет бұзды

Павлодарда жүргізуші қызыл жарыққа өтіп, жол ережелерін үш рет бұзды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның бұл әрекеті апаттық жағдай туғызуы мүмкін еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Толстой және Едіге би көшелерінің қиылысында жүргізуші жасыл түс белгісін күтпестен, алдыңғы көлікті айналып өтпек болып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Маневрді аяқтағаннан кейін ол тоқтамай, қызыл жарыққа өтіп, қозғалысын жалғастырған.

– Жол қозғалысы ережелерін бұзып, тыйым салынған сигналға өтіп, апаттық жағдай туғызғаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жіберілді. Біз жүргізушінің тиісті жазасын алатынына сенеміз және келесі жолы өміріне қауіп төндірмей, өз әрекеттерінің салдарын ойлайтынына үміттенеміз, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары барлық құқық бұзушылардың міндетті түрде жауапқа тартылатынын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)