Павлодарда жалпы облыстық сенбілікке жүз техника бөлінеді
Сенбіліктер өткізу кезеңінде полигонға қатты тұрмыстық қалдықтар тегін қабылданады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қоқыстарды шығаруға 100 арнайы техника жұмылдырылады. Оның 70-і самосвал, 30-ы тиегіш.
Сол күні «Жасыл ел» белсенділерінің ұйымдастыруымен экологиялық марафон өтеді.
Тұрғындардан қоқыстарды шығаруға өтінімдер келесі байланыс телефондары арқылы қабылданады: 320001, +77077365575 Whatsapp.
Жалпы облыстық сенбілік 29 сәуір күні өтеді.