Павлодарда жалған қызметтік құжат көрсеткен елордалықтың басы пәлеге қалды
Қызметтік куәлік тәртіп сақшыларының назарына іліккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, ІІМ ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексеру (Integrity check) бойынша іс-шаралар жалғасуда.
– Павлодар қаласының патрульдік полиция инспекторлары жол жүру қағидаларын бұзған Lexus автокөлігін тоқтатты. Елордалық жүргізуші полицейлерге ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерінің қызметтік куәлігін көрсеткен. Соған қарамастан жол жүру қағидаларын бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызметтік куәлік те сақшылардың назарына ілікті, – деп жазылған хабарламада.
Куәлік құжаттың түпнұсқа үлгісіне сәйкес келмеген, яғни жалған болып шыққан.
Павлодар облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.