Бейнебақылау камераларын сындырған: Павлодарда сотталушының мерзімі ұзартылды

Бейнебақылау камераларын сындырған: Павлодарда сотталушының мерзімі ұзартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол абақтыда тағы бір жыл отыратын болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Рolisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, ол колониядағы екі бейнебақылау камерасын сындырған. Осы құқық бұзушылыққа байланысты қамау мерзімі ұзартылды.

Ер адам ауыр қылмыстары үшін № 45 мекемеде жазасын өтеп жатқан. 

– Ол мінез-құлқы  теріс сипатқа ие қасақана бұзушы және 38 өндірісі бар. Ер адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бейнебақылау жүйесіне қасақана зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылды, – дейді ведомствода. 

Сотталушыға қосымша бір жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.