Есірткіге қарсы эстафета: Павлодарлық студенттер жаңа челлендж бастады

Есірткіге қарсы эстафета: Павлодарлық студенттер жаңа челлендж бастады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Челленджді бірінші болып Жоғары мұнай-газ колледжі бастап, эстафетаны педагогикалық колледжге жолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала колледждерінің студенттері заңсыз есірткі айналымы мен оны тұтынуға төзбеушілік көзқарас қалыптастыруға бағытталған «Есірткіге қарсы бірге» атты тақырыптық челленджге қатысты.

– Челленджге Павлодар жоғары мұнай-газ колледжінің студенттері белсенді қатысып, профилактикалық бастама көтерді. Олар эстафетаны Павлодар жоғары педагогикалық колледжінің студенттеріне жолдады. Жастар өз қатарластары мен қала тұрғындарын бейжай қалмауға, күмәнді деректер туралы уақытылы хабарлауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген құқықтық салдарды түсінуге шақырды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша аға жедел уәкілі Эльмира Сейтахметова хабарлады. 

Челлендждің негізгі мақсаты – есірткі құралдарын тұтынудың алдын алу, жастардың есірткінің таралуы мен жарнамасы мәселесіне назарын аудару. Сондай-ақ есірткі қолдану, тарату және наркограффити салу фактілерін анықтау бойынша азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруды, жастардың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруды көздейді.

Ведомствода атап өткендей, мұндай бастамаларды өткізу жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және қалалық оқу орындары студенттері арасында профилактикалық жұмысты нығайтуға ықпал етеді.