Павлодарда жас құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге үйренді

Павлодарда жас құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет етуге үйренді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Жұлдыз» стадионының базасында «Жас құтқарушы-2024» облыстық жарысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Спорттық шараның негізгі мақсаты – балаларды өмір қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету болып табылады.

Жарысқа облыс мектептерінің оқушылары, аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Жарыс шеңберінде оқушылар «Өзін-өзін таныстыру», «Өрт эстафетасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Газет-жарнама қалқаны», «Техногендік авария аймағындағы авариялық-құтқару», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» сияқты тапсырмаларды орындады.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар адамды суда құтқару тәсілдерін, өрт сөндіру жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді. Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.