Павлодарда жасөспірімдер арасындағы «мафияны» полицейлер тексереді

Павлодарда жасөспірімдер арасындағы «мафияны» полицейлер тексереді
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде бір топ жасөспірімдер балаларды пышақпен, бұрыш баллонмен қорқытып, ақша алып жүр деген  ақпарат тарауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Хабарлама авторы «Batyr Mall» сауда үйінің скейт-паркінде 13-17 жастағы жасөспірімдер өздерін мафия ретінде санап, балаларды шошытып жүргені туралы жазады.

– 2 қыркүйек күні бұл жағдай төбелеске дейін жетті. Олар жанжалды әдейі туындатқан. Балалар өз бетінше полицейлерден көмек сұрады,– деп жазды ата-ананың бірі.

Облыстық полиция департаменті аталған фактіні тіркеді. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның қатысушылары қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп анықталуда.