Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, қаза тапты
Оқиға 29 маусым күні сағат 22:27 шамасында орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 1965 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.
– ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Кейін трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – деді баспасөз қызметінде.
Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Фото: Константин Шелков