Екібастұздағы «Северный» шағын ауданында кәріз жүйесінің құрылысы жалғасуда

Пішенбаев көшесіндегі кәріз коллекторы биыл жаңартылып, келесі жылы 1600 абонент орталықтандырылған жүйеге қосылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында мәлімдегендей, «Северный» шағын ауданында орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды жобаның іске асырылуы 2023 жылы басталып, ондаған жыл бойы күткен тұрғындардың үмітін ақтауда.
– Жобаны іске асыру барысында қолайсыздықтар туындайды, олсыз болмайды. Биылғы жылы жолдарды тегістеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылады, құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін жолды толықтай жөндеуді жоспарлайтын боламыз. Жоба аясында Пішенбаев көшесіндегі кәріз коллекторы толықтай қайта құрылыстан өтуде. Жобаның бұл бөлігін биыл аяқтауды көздеп отырмыз. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарды келесі жылы аяқтау көзделуде. Кейін 1600 абонент орталықтандырылған жүйеге қосылатын болады, – деп жазды Аян Бейсекин әлеуметтік желіде.
Жоба Үкіметтің және облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен жүзеге асырылуда. Аян Бейсекин атап өткендей, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту облыс басшылығының және өзінің жеке бақылауында тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram