Павлодарда жылу магистралін жөндеу мерзімі ұзартылды
Осыған байланысты бірқатар тұрғын үйде ыстық су беру уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Усолка шағынауданында жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Жөндеу жұмыстарын аяқтаудың болжамды мерзімі 25 маусым болып белгіленген.
Ыстық су келесі мекенжайларда сөндіріледі:
- Бекхожин көшесі, 1, 3, 5, 5/1, 7, 9, 11, 11/1, 11/2, 13, 15, 17, 23;
- Майра көшесі, 1, 3, 15, 19, 21, 23, 25, 27/2, 29, 31, 33, 35, 37, 39, 39/1, 39/2, 41, 43, 47, 47/1, 49;
- Ткачев көшесі, 3, 5, 5/1, 9, 11, 13, 17, 17/1.
Мамандардың айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстары алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізілуде.