Павлодар кәсіпорны пайдалы қазбаларды өндіруді жоспарлап отыр
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 1 қарашасында аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 2 қазандағы Бірыңғай экологиялық порталда «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаментінің pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), телефон +7(7182) 532354 қабылдайды.