Павлодарда ағасын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Сотталушы кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі – адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалы бойынша, 2022 жылғы 8 қарашада сағат 18:00 шамасында Павлодар қаласында екі ер адам мас күйінде бірге Ленин кентіндегі үйлерінде бір-бірімен жанжалдасып қалып, біреуі екіншісін өлтіруге шешім қабылдаған. Інісі ас үй бөлмесіндегі пышақты алып, диванда жатқан ағасының кеудесінің оң жағына соққы жасаған.
– Сотталушының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жедел қан кетуден ағасы қайтыс болған. Мойындау айғақтарынан басқа, сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелермен расталады, – деп жазылған ҚІМА сотында.
Сот іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп таныды және оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеумен 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.