Павлодарда жол шұңқырларын жөндеу жұмысы жүргізілуде
Бұл жұмыс Успен көпірінде басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылы «Қалалық көшелер мен жолдарды ағымдағы жөндеу» іс-шарасы аясында жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жоспарланған.
- Жұмыстар нөлден төмен температурада орындауға мүмкіндік беретін MAC-асфальтбетонды қолдану арқылы жүргізілетін болады. Мұндай жөндеу жұмыстары ерекше апаттық аймақтарда ғана күн жылынбай тұрып жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Успен өткелінің апатты болуына байланысты жолдарды жөндеу осы учаскеден басталады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram