Павлодарлық анасы мен қызы жыл бойы орман өсірумен айналысады

Олар өз жұмысы арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғатқа қамқорлық жасау және ормандарды сақтау тек ер адамның ісі ғана емес, сонымен қатар әйелдердің де маңызды жұмысы. Орман шаруашылығында табиғатты шын сүйетін көптеген адал әйелдер жұмыс істейді. Олардың арасында «Ертіс орманы» орман резерватының жұмысшылары Елена мен Татьяна Косаревтер бар.
Анасы мен қызы жыл бойы орман өсірумен айналысады.
– Таңертең ауысымды қабылдаймыз, барабандар мен сөрелер түсіріледі. Содан кейін қолмен тұқымдар өңделеді. Күні бойы температураны бақылаймыз, барабандарды бұраймыз, сөрелердегі бүршікті араластырамыз, тағы да барабандарды айналдырамыз және әр жарты сағат сайын ол бақыланады, сыпырылады, – дейді Татьяна Косарева.
Қазіргі уақытта яғни қыс мезгілінде кейіпкерлеріміз бүршік кептіргіште жұмыс істейді. Үш күндік жұмыс режимі бойынша ауысым таңғы сағат 08:00-ден басталады. Орманшы бұл жұмыста жетінші жыл жұмыс істеуде: қыста бүршік кептіргіште, көктемнен күзге дейін орман тәлімбағында еңбек етеді.
Қыста Елена мен Татьяна бүршік кептіргіште жұмыс істейді, қылқан жапырақты тұқымдарды алу үшін бүршікті өңдейді. Бұл процесс ормандарды қалпына келтірудің алғашқы қадамы болып табылады. Таңдалған сапалы тұқымдар көктемде орман тәлімбағына себіледі.
Көктемнің келуімен еңбекқор дуэт тәлімбақта жұмыс істей бастайды. Олар жас көшеттерге қамқорлық жасайды, оларды өсіреді және табиғатқа отырғызуға дайындалады. Олардың жұмысын толық жауапкершілікпен орындауға жаңбыр мен аптап ыстық кедергі болмайды.
– Орман өсіру үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет етеді. Әрбір отырғызылған тұқымның мықты ағашқа айналғанын көру – біз үшін үлкен қуаныш, – дейді Татьяна.
Оның айтуынша, аталмыш мамандық бойынша қызмет үшін адалдық, шыдамдылық, еңбекқорлық және туған жеріне деген сүйіспеншілік қажет.
Жұмыс барысында бүршіктер кептіреледі, тұқым алынады. Тұқымдар көктемде орман тәлімбағына себіледі. Кейін ағаштың тұқымда қалай пайда болғаны көрінеді, белгілі бір аумаққа отырғызу үшін екі жыл күтіледі. Осылайша орман мекені қалыптасады.
– Мұнда тек тұқым сеуіп қана қоймай, ормандарымыздың болашағына қосқан үлесіміз деп білеміз, қолымыздан өскен әрбір ағаш – жасыл әлемге қосқан үлесіміз, – дейді ол.
Орманшының сөзінше, жұмысы мен мамандығы қызыққа толы, өйткені тұқымнан кішкентай көшет қалай өсетінін бақылайды.
Елена мен Татьяна – орман шаруашылығында жұмыс істейтін көптеген әйелдердің жарқын мысалы. Олар өз жұмыстарымен табиғатты қорғап қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге көмектеседі.