Павлодарда жолдар екі аптаға жабылады

Павлодарда жолдар екі аптаға жабылады

Мұнда жөндеу жұмысы 19 маусымда басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, Мәшһүр Жүсіп көшесі мен М.Горький көшелерінің қиылысында дыбыссыз трамвай өткелі орнатылады. 

- Мұнда рельс-шпал торлары да ауыстырылады. Осыған байланысты жолдың бұл бөлігі көлік қозғалысына толығымен жабылады, - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары 19 маусым мен 26 маусым аралығында жүргізіледі.