Павлодарда ЖОО бірінде техника ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Әбілхан Қарақаев атындағы аудитория Торайғыров университетінде пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Торайғыров университетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Әбілхан Қарақаев техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, білім беру ісінің құрметті қызметкері болған.
- Мен жоғары оқу орындарының өз ардагерлерін еске алып, олардың құрметіне дәріс және зертханалық залдар атағанына өте қуаныштымын. Осылайша, біз елге елеулі азаматтарды жастардың есіне саламыз, олардың жұмысы біздің қоғамның дамуына көмектеседі. Бүгін біз Әбілхан Қарақаев атындағы аудиторияны аштық. Ол Торайғыров университеті үшін ғана емес, жалпы отандық ғылымды дамыту үшін де көп жұмыс жасады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Оның есімі ғылыми және педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін Қазақ КСР-нің Алтын Құрмет кітабына енгізілген, ғалым "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапатталған.
Сонымен қатар, Әбілхан Қосмырзайұлы 1000-нан астам ғылыми, оқу-әдістемелік және басқа да жарияланымдардың, 3 монографияның, 20 оқу құралының авторы. Ғалым КСРО, РФ және ҚР 90 авторлық куәліктері мен патенттерінің (25 патент, 16 алдын ала және 20 инновациялық патент) иегері болып табылады. Көрнекті жетістіктері үшін, ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулері мен көптеген еңбектері үшін профессор Әбілхан Қарақаевқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. Ол "ҚР БҒМ ЖОО-ның үздік оқытушысы" гранты мен белгісінің иегері, сондай-ақ оған "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" құрметті атағы берілді.