Павлодарда жоғалып кеткен әйел дронмен іздестірілуде
Сүңгуірлер сегіз рет суға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері полиция және еріктілермен бірлесіп, 1976 жылы туған әйелді кеңейтілген түрде іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
– Осы уақыт ішінде айтарлықтай жұмыс атқарылды. Павлодардың орталық жағалауынан Павлодарское ауылына дейінгі жағалау сызығы зерттелді, өзеннің оң және сол жағалауларына визуалды тексеру жүргізілді. Ертіс өзенінің акваториясы эхолот, «Гном» суасты дроны және әуе дронының көмегімен зерттелді, – деді департаментте.
Жаяу іздеу топтары 52 шақырымнан астам жол жүрді, су көлігімен шамамен 178 шақырым тексерілді. Сүңгуір-құтқарушылар сегіз рет суға түсу жұмыстарын орындады.
Іздеу-құтқару жұмыстары барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен күн сайын жалғасуда.