Павлодар облысында ХҚКО мереке күндері қалай жұмыс істейді?

Тұрғындар төрт күн орталықтардан мемлекеттік қызметті ала алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.
Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы жарияланған.
Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.