Павлодарда жүргізуші су арнасына кедергі келтірді
Ер адам құдықты жауып тастаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушілер көбінесе өз көліктерін тыйым салынған жерлерде – жол бөлігіне, басқа көліктерге, тротуарлар мен ойын алаңдарына кедергі келтіретін жерлерге қояды. Дұрыс тұраққа қойылмаған көлік өмірлік маңызды қызметтер мен арнайы техниканың көліктерінің өтуіне кедергі келтіреді.
– Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 89-шы үйдің ауласында «Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі құдықты жауып тастап, қалалық су арнасының жұмысына кедергі келтірді. Енді бірі «Kia» маркалы көлігін тұраққа қойып, басқа көлік құралдары үшін жолдарды жауып тастаған. Лермонтов көшесі, 53/3 үйдің ауласында «Lada» көлігі жолды жауып тастап, ер адам өзінің гаражына кіре алмады, – дейді департаментте.
Барлық бұзушыларға қатысты тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. 2023 жылы осындай бұзушылықтар үшін барлығы 2247 жүргізуші жазаланды.