Павлодарда қанша үйде ыстық су бар

Павлодарда қанша үйде ыстық су бар
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 20 пайыздан астамы ғана ыстық суға қайта қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ мәлімдеді. 

- Павлодар қаласында ыстық сумен жабдықтауды қабылдауға дайын үйлер саны 1299.  Үйлерді ыстық сумен жабдықтауға қосу динамикасы бойынша 6 мамыр күнгі таңертеңгі жағдайда ыстық су 281 үйге қосылған. Бұл небары 22 пайызды ғана көрсетеді, - делінген хабарламада.

Ал әзірге 1018 тұрғын үй ыстық судан ажыратылған.