Павлодарда жолдың ортасында билеген жүргізуші айыппұл төлейді

Оның көлік жүргізу құқығы болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыс орталығының Назарбаев-Толстой көшелерінің қиылысында Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі қызыл шам жанып жатқан кезде көліктен шығып, жолда билеген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарап кетті. Облыстық полиция департаменті бұл жағдайды парақшаларға мониторинг жасау барысында анықтады.
– Жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзды. Құжаттарды тексеру барысында бұзушының көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ екендігі анықталды. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде өз көлігін жүргізуге қайта рөлге отырды. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге екі әкімшілік материал толтырылып, 137 620 теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді департаментте.
Айта кету керек, кейбір автокөлік иелері ұқыпсыздығынан жол ережелерін бұзады, ал басқалары жауапсыз түрде "заң оларға жазылмаған" деп санайды және олардың өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндіреді
Полицияда жүргізушілер жылдамдық режимін және көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтауды, апат қаупін азайту үшін кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керектігін ескертеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram