Павлодарда қоқыс мәселесі шешілетін болды

Павлодарда қоқыс мәселесі шешілетін болды
Фото: Tom Fisk

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында миллиондаған тонна қалдық жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түпкілікті шешімін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов кәсіпкерлік нысандарын аралау барысында таныстырды. Өңір басшысының айтуынша, бұл мәселемен «Бәйтерек» ұлттық холдингінің қолдауымен «Спецмашин» ЖШС айналысады.

– Қоқысты көмбеу үшін толық жабық цикл жасау идеясы ұсынылуда. Қазір күл-қоқыс сұрыпталмай қала сыртына шығарылып, полигонға төгіліп, көміліп, қабат-қабат көмілуде. Өздеріңіз білетіндей, пластик өте баяу ыдырайды. Пластик пен биоқалдықтар атмосфераға зиянды газдар, оның ішінде аммиак шығарады. Мұның барлығы экологияға орасан зор зиянын тигізуде, зауыттар ғана емес, - деді аймақ басшысы.

Сондықтан соңғы екі жылда инвестор және қаржы институттарымен бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Құрылыс биыл күзде басталып, 2026 жылдың жазында аяқталады деп күтілуде. Жалпы құны – 8,5 млрд теңге.

– Бірінші кезеңде барлық қалдықтардан төрт түрлі зат сұрыпталады, бұл  жылына шамамен 150 мың тонна қоқыс: қағаз, пластмасса, металл және шыны. Қоқыстың алғашқы екі түрі барлық қалдықтардың шамамен 40 пайызын құрайды. Алдымен біз кәсіпорындарда қалдықтарды бөлек жинауды бастаймыз. Бұл ретте қалдықтарды жағатын зауыт салынбайтынын баса айтамын, – дейді облыс әкімі.

Мәселен, сұрыпталған қағазбен «QAZ ROYALPAK» ЖШС целлюлоза өңдейтін және қағаз және картон шығаратын жаңа зауытты қамтамасыз ету жоспарлануда.

Екінші кезеңде инвестор биоқалдықтар – азық-түлік қалдықтарын өңдеуге кіріседі. Одан сұранысқа ие тыңайтқыштар шығару жоспарлануда.