Павлодарда қоқысты шығару тарифі өсуі мүмкін

Павлодарда қоқысты шығару тарифі өсуі мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл сұрақ қалалық мәслихатының ХХVI кезектен тыс сессиясында талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Депутаттардың бірқатар талқылауларынан, тарифтерді түзету қажеттілігін растайтын есептермен және материалдармен танысып болғаннан кейін «Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді бекіту туралы» мәселені қарады.

– «Спецмашин» ЖШС негізгі шығын материалдары бағасының өсуіне байланысты қалалық мәслихатының депутаттарына халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған қолданыстағы тарифті қайта қарау туралы ұсыныспен жүгінді, – деді қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінде.

Ұсынылған тарифтің өсуі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, сұрыптау және көму бойынша қызметтерді сапалы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, сессия жұмысы барысында қала, кент, ауылдық округ және кейбір ауылдарының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. 

«2025-2027 жылдарға арналған жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Ақшалай қаражатқа 1 898 426 мың теңге мөлшерінде қажеттілік бекітілді.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек мөлшерінің ұлғаюына байланысты қосымша қажеттілік 153 972 мың теңге сомасында қалыптасты.

Сонымен қатар, ҰОС қатысушыларына – 100%, ҰОС қатысушыларына теңестірілген – 50%, 1 және 2 топтағы мүгедектерге – 25% және төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 25% жеңілдіктер сақталады.

Кенжекөл ауылдық округінің, Атамекен кентінің, Павлодар, Мойылды және Жетекші ауылдарының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларды бекіту туралы мәселелер қаралды.

Депутаттар жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін футбол алаңын орналастыру үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы шешім қабылдады.

Павлодар қаласының Бас жоспарына сәйкес Центральная көшесіндегі №6 көппәтерлі тұрғын үйді алып қою және осы үй орналасқан жер учаскесін босату есебінен футбол алаңын орналастыру көзделіп отыр. 22 меншік иесі үшін пәтерлерді ресімдеу жүргізіліп, екеуі өтемақы алуға өтініш білдірді.

Депутаттар барлық мәселелерді алдын ала тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарап алған болатын.