Павлодарда үш айлық қазақ тілін тегін оқыту курстары басталады
Сабақтар аптасына 2 рет тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 21-61 жасқа дейін қала тұрғындары үшін қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастырады. Үш айлық курстар 1 ақпаннан басталады.
Курс интерактивті тапсырмалар, тесттер, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы өтеді.
Курсқа 65-23-63, 8(777)975-67-65 (WhatsApp нөмірі) телефондары бойынша немесе otdkultpvl@yandex.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.
Поштаға немеса WhatsApp нөміріне өз аты-жөнін, туған жылын, WhatsApp байланыс нөмірін және жұмыс орнын көрсету қажет (қалауы бойынша).