Павлодарда үй кіреберісінде алкоголь ішетіндерге қатысты шағым көбейген

Павлодарда үй кіреберісінде алкоголь ішетіндерге қатысты шағым көбейген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұған қоса, олар темекі шеккен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 600-ден астам азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартылған. 

Күннің суытуымен тұрғындар үйлердің кіреберістерінде алкоголь ішетіндерге жиі шағымдана бастады. Мысалы, Назарбаев даңғылындағы үйдің тұрғындары қоңырау шалып, кіреберісте ер адам жалғыз ішімдік ішіп жатқанын хабарлады. Осындай хабар Гагарин көшесіндегі үйден де түсті, 8-қабатта қолында бір бөтелке арағы бар мас адам отырды, – дейді департаментте. 

Сондай-ақ Московская көшесіндегі аялдама павильонында қатты мас күйінде тұрған адам отырған. 

Құқық бұзушылар Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Оларға 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. 

Еске сала кетейік, өңірде алкогольді мас күйінде жасалатын қылмыс саны артқан.